|
|
1. Федяда бірнеше жүктер бар. Олардың салмақтары
10 нан кіші және бүтін сандар (әр салмақ килограммда
берілген). Сол жүктердің көмегімен 100, 102, 103 және
104 деген салмақтарды алуға
болайтындай ал 101 мен 105 деген салмақтарды алуға болмайтындай
болу мүмкін бе? 2. Әр 111 жанұяда
үш адам бар: әкесі, анасы және баласы. Барлық 333
адам тізбекке тұрды. Әр баланың әке-шешесі баланың
екі жағынан тұрғаны (олар оның дәл қасында
болмау мүмкін) белгілі. Ортаңғы 111 адам ішінде кем дегенде
бір бала бар екенін дәлелдеңіз. 3. D нүктесі АВС
тік бұрышты үшбұрышының АВ гипотинузасынан алынған,
бірақ оның ортасы емес. AD, BD мен CD өзара тең емес екенін дәлелдеңіз. 4. Бес таңбалы х саны 4 ке басталып 7 ге аяқталады,
ал бес таңбалы у саны 9 дан басталып 3 ке аяқталады. х мен у дың ортақ бес таңбалы бөлгіші бар екені
белгілі. 2y-x саны 11-ге бөлінетінін дәлелдеңіз 5. Әрқайсысы 2
тастан тұратын 2009 үйме берілген. Құрамындағы
тастар саны жұп болатын үйменің (ондай үймелер
бірнеше болса кез келгенін) жартысын басқа кез келген үймеге салуға
болады. Осындай операциялар арқылы бір үймеде көп дегенде қанша
тас алуға болады? Download: |
|